Право ҚҚ

Республикалық желі - сенім телефоны
1409
8-708-4-25-57-25

Астана қаласындағы сенім телефоны 
8 (7172) 25-57-25

Ұйым туралы

2005 жылдың наурызында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында халықаралық және республикалық деңгейдегі заңнамалық актілерді, стратегияларды, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде, енгізуде, сондай-ақ алдын алу және нашақорлық диагнозы бар адамдарды әлеуметтік оңалту жүйесін құруда жеткілікті практикалық тәжірибесі бар Қазақстан Республикасы заңгерлерінің қатарынан бастамашыл топ «Право» қоғамдық қорын құрды.

Қор қызметінің мақсаты мен мәні

 

         Нашақорлық профилактикасы, нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға әлеуметтік-оңалту көмегін көрсету, психобелсенді заттарды (ПБЗ) теріс пайдалану нәтижесінде болатын зиянды төмендетуге бағытталған волонтерлық қозғалысты құру және ұйымдастыру Қор қызметінің мәні болып табылады.

         Өзінің жарғылық қызметін іске асыру үшін Қор алдына мынадай мақсаттар мен міндеттерді қояды: 

  • азаматтардың мәдени, ғылыми, гуманитарлық, қоғамдық, білім, іскерлік байланысын дамыту, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтардың денсаулығын сақтау, дене шынықтыру және спортты дамыту;
  • Қор қызметінің мақсаттарына жауап беретін және іске асырылып жатқан ағымдағы бағдарламаларға сәйкес келетін іс-шараларды ұйымдастыру, оның ішінде дөңгелек үстелдер, конференциялар, кездесулер, конкурстар, фестивальдар, жәрмеңкелер және заңмен тыйым салынбайтын басқа да іс-шараларды дайындау және өткізу;
  • басқа да қоғамдық, діни, мемлекеттік органдар, коммерциялық құрылымдар, шетелдік ұйымдар ұйымдастыратын, Қордың қызметімен байланысты іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
  • Қордың жарғылық мақсаттарына сәйкес оның жұмысына пайда келтіретін, нығайтатын және жақсартатын бағдарламалар мен жобалар әзірлеу және іске асыру;
  • есірткіге тәуелді адамдарға әлеуметтік салада ақпараттық-құқықтық және консультативтік көмек көрсету (жұмысқа орналастыру, білім беру және т.б.)
  • бастауыш, орта және жоғары мектеп студенттері, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері үшін сабақ беру және консультациялар өткізу түрінде есірткіге қарсы білім беру бағдарламаларын әзірлеу, енгізу;
  • зерттеулер жүргізу, есірткіге тәуелділік проблемалары бойынша әртүрлі респонденттер топтарына сауалнама жүргізу;
  • консультанттар мен волонтерларды оқыту;
  • БАҚ бойынша, мемлекеттік және өзге де ұйымдармен, мемлекеттік басқару органдарымен белсенді бірлескен жұмыс;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • әлеуметтік профилактика жүйесін құруда ақпараттық көмек және өңірлік наркодиспансерлерге көмек көрсету;
  • жарнамалық-баспа қызметін жүзеге асыру (зерттеу, оқу-әдістемелік әдебиет, үгіт-ақпараттық материалдарды, буклеттерді, пилондарды әзірлеу және жасау, оның ішінде нашақорлықтың алдын алу мақсатында, Қордың қызметі туралы материалдар)
  • нашақорлық профилактикасы және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту бойынша басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу;
  • Қазақстан Республикасының, басқа елдердің бейіндік ұйымдарымен және Қордың мақсаттары мен міндеттерін қолдайтын халықаралық ұйымдармен байланысты нығайту және дамыту, тәжірибе алмасу;
  • Қордың мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалған басқа да әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысу;
  • фандрейзинг бойынша кампаниялар өткізу (Қорды дамыту үшін қаражат/ресурстар тарту);
  • лоббилендіруге қатысу;
  • прекурсорлар айналымы саласындағы қызмет;
  • заңгерлік көмек көрсету.

 

Байланыс деректері:

Мекен-жайымыз:
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Абай даңғылы, 92/3 үй, ВП 1 кеңсесі
Телефон:
+7 (7172) 25 58 25
+7 701 607 76 64
E-mail:
pravo_o_f@mail.ru