Право ҚҚ

Республикалық желі - сенім телефоны
1409
8-708-4-25-57-25

Астана қаласындағы сенім телефоны 
8 (7172) 25-57-25

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы ІІМ: есірткі құралдарын сатудың 48 фактісі анықталды
12.14.2016

Қазақстан Республикасы ІІМ: есірткі құралдарын сатудың 48 фактісі анықталды

Еліміздің аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасының төртінші кезеңі өткізілді.

ЖПІШ барысында қызметін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында жүзеге асыратын 466 субъекті тексерілді, оның ішінде 188 дәріхана, 70 қойма, 115 емдеу-профилактикалық мекеме және 93 өнеркәсіптік кәсіпорын.

Айналымнан 948 ампула есірткі құралы, 21 мыңнан астам ампула психотроптық зат алынды, 27 тонна прекрсордың айналымы шектелді. Операция кезеңінде барлығы осы заттардың заңды айналымы саласында 115 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. 48 сату фактісі, 6 есірткі контрабандасы және 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Есірткі құралдарының заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 30 медицина жұмыскері жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі. 


Возврат к списку


Байланыс деректері:

Мекен-жайымыз:
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Абай даңғылы, 92/3 үй, ВП 1 кеңсесі
Телефон:
+7 (7172) 25 58 25
+7 701 607 76 64
E-mail:
pravo_o_f@mail.ru