Право ҚҚ

Республикалық желі - сенім телефоны
1409
8-708-4-25-57-25

Астана қаласындағы сенім телефоны 
8 (7172) 25-57-25

Жаңалықтар

Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отрысы туралы
07.15.2016

Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың отрысы туралы

15 шілдеде Ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың төрағалығымен Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының кезекті отырысы өтті.

         Штабтың жұмысына мемлекеттің есірткіге қарсы қызметін іске асыруға қатысатын барлық мемлекеттік органдардың өкілдері.

         Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына, Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және Аумақтарды дамыту бағдарламаларына кіргізілген іс-шаралардың орындалуы мен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу барысы, сондай-ақ мектептерде тәуелділіктерді ерте анықтаудың компьютерлік бағдарламаларын қолдану кемшіліктерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы проблемалық мәселелер қаралды.

         Күн тәртібінің бірінші мәселесін қарау барысында Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері тыңдалды.

         ВАШ төрағасы, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов атап өткендей, министрлік мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

         2015 жылы Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасының қысқаруына байланысты министрлік Салалық бағдарламаның нысаналы индикаторларын, көрсеткіштері мен іс-шараларын Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына кіріктіру бойынша жұмыс жүргізді.

         Сондықтан мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды уақтылы жүргізу бойынша ұйымдасқан және нақты жұмыс істеу талап етіледі.

         Екінші мәселе бойынша мектептерде тәуелділіктерді ерте анықтаудың компьютерлік бағдарламаларын қолдану кемшіліктерін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Білім және ғылым және Денсаулық сақтау министрліктері өкілдерінің ақпараты тыңдалды.

         Мектептегі мамандарға практикалық және консультативтік көмек көрсету үшін Павлодар республикалық нашақорлық проблемаларының ғылыми-практикалық орталығы мамандарына жетекшілікті бекіту ұсынылды. Одан басқа, осы бағдарламалармен еліміздің барлық мектептерін жарақтау және бағдарламаны қолдану бойынша мектеп психологтары мен әлеуметтік жұмыскерлерді оқытуды ұйымдастыру қажеттігі атап көрсетілді. 


Возврат к списку


Байланыс деректері:

Мекен-жайымыз:
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Абай даңғылы, 92/3 үй, ВП 1 кеңсесі
Телефон:
+7 (7172) 25 58 25
+7 701 607 76 64
E-mail:
pravo_o_f@mail.ru