Баланың «есірткі жасырушы» болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады

Баланың «есірткі жасырушы» болып жұмыс істейтінін қалай білуге болады

Полиция ата-аналарға мына белгілерге назар аударуды ұсынады:

🔹️баланың телефонында үй кіреберістерінің, аялдамалардың, қабырғалардың суреттері пайда болса;
🔹️жеке заттары арасында изолента, zip-пакеттер, қалта электронды таразылары пайда болса;
🔹️араласатын ортасы өзгерсе;
🔹️сөйлеу мәнері өзгеріп, әңгіме тақырыбын бұруға тырысса, дөрекілік танытса;
🔹️күн тәртібі өзгерсе: оқуға бірнеше сағат бұрын кетіп, оқудан бірнеше сағатқа кешіксе, кіммен және қайда болғанын айтпаса;
🔹️жаңа заттар пайда болса және оның қайдан келгенін түсіндіруден бас тартса.

Бұл белгілердің пайда болуы баланы бақылауға, кез-келген заңсыз іс-әрекеттің салдарын түсіндіре отырып, онымен сөйлесуге себеп болуы керек.

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, ал есірткі сатқаны үшін 14 жастан басталатынын еске салады.


Опубликовано

в

от

Метки:

Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *